Қазақстанда студенттердің 20%-ы тегін білім алады

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. BNews.kz  - Қазақстанның ЖОО  600 мыңнан астам студент білім алады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.     Қазақстан Республикасында 2011/2012 оқу жылының басына 146 жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) жұмыс істеді, ондағы студенттердің жалпы саны 629 507 адамды құрады. ЖОО-ның жалпы санынан 53-і мемлекеттік болып табылады, оларда 311 333 адам оқиды немесе барлық ЖОО турлерінде оқитындардың 49,5%. Студенттердің жалпы санынан  қыздар 58,2 %, жігіттер 41,8%-ды құрайды.   Мемлекеттік білім гранттарының есебінен 134 036 адам, немесе студенттердің жалпы санынан 21,3 %-ды құрайды, мемлекеттік білім тапсырысының есебінен 11 181 адам немесе 1,8 %, ақылы негізде - 484 290 адам немесе 76,9 % білім алады.   Студенттердің жалпы санынан 360 894 адам немесе 57,3% оқытудың күндізгі түрі бойынша оқиды, 259 531 адам немесе 41,2% - сырттай, 9 082 немесе 1,4% - кешкі түрі бойынша оқиды.   Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің саны 342 593 адамды құрады. ЖОО-да оқыту қазақ тілінде оқытумен қатар орыс, ағылшын, араб және неміс тілдерінде жүргізіледі.   2011/2012 оқу жылының басына республиканың ЖОО-да 85-тен астам ұлт өкілдері оқыды. Оқитын қазақтардың үлес салмағы 78,3%, орыстардың - 14,6%, өзбектер, украиндар, татарлардың 0,8-1,5 % шегінде, өзге ұлттар - 3,8% құрады.   Қаралып отырған оқу жылында оқытуға және дайындауға 197 228 студент қабылданды, бұл 2010/2011 оқу жылына қарағанда 4 329 адамға немесе 2,2%-ға артық.   2012/2011 оқу жылы бітіріп шыққан білікті мамандар 160 934 адамды құрады бұл 2010/2011 оқу жылымен (161 964 адам) салыстырғанда 0,6%-ға кем.    Бакалаврлардың саны 597 040 адамды, жоғары арнайы білім алып жатқандардың саны 31 494 адамды құрайды.   Республиканың ЖОО-да оқитын студенттердің жалпы санында едәуір үлес салмақ келесі мамандықтарға тиесілі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес – 24,7%, педагогикалық мамандықтар - 23% және техникалық ғылымдар және технологиялар - 20,4 %.   Штатта тұратын профессорлық-оқытушылық құрамның саны 40 531 адам, қоса атқарушылық қызмет бойынша 6 322 оқытушы жұмыс істейді. Профессор-оқытушы қызметкерлердің 9%-ының ғылым докторы, 36,3% - ғылым кандидаты, 6,6% - профессор және 17,8 % - доцент ғылыми дәрежесі бар. Магистрдің академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны 6 057 адам немесе 14,9%, философия докторы  (PhD) – 473 адам немесе 1,2 %.   ЖОО барлық ғимараттарының жалпы алаңы 5 039,3 мың шаршы метрді, оқу-зертханалық ғимараттардың жалпы алаңы – 2 877,9 мың шаршы метрді құрайды.   Сілтеме: http://www.bnews.kz/kk/news/post/66900/

n/a